«Шахтердің» экс-ойыншысы «Қайсарға» ауысты

«Шахтердің» экс-ойыншысы «Қайсарға» ауысты

Хорватиялық жартылай қорғаушы Иван Пешич қызылордалық «Қайсармен» келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz клуб сайтына сілтеме жасап.

Өткен маусымда жартылай қорғаушы Қарағандының «Шахтерінде» ойнады, әрі өзін жоғары деңгейлі ойыншы таныта білді. 2019 жылғы маусымның 33 матчында 8 рет қарсылас қақпасынан саңылау тапты.

Естеріңізге сала кетейік, Пешич қызылордалықтар сапына 2 ақпанда Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында қосылған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или