УЕФА vs «Манчестер Сити». Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс
«Манчестер Ситидің» баспасөз қызметі «қалалықтарды» екі жыл бойы еуропалық кубоктардан шығару туралы шешімге байланысты клубтың ресми пікірін жариялады. Бұған дейін УЕФА қаржылық әділ ойын ережелерін бұзғаны үшін клубты екі маусымға еурокубоктардан шеттетіп, оған 30 миллион еуро көлемінде айыппұл салғаны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Манчестер Сити» клубы өкілдерінің көңілі жабырқаулы, бірақ УЕФА-ның бұл хабарламасына еш таңданыс жоқ. Клуб тәуелсіз ұйымың істерді қарау қажеттілігін түсініп отыр.
2018 жылдың желтоқсанында-ақ УЕФА-ның тергеу басқармасы ықтимал шешімді жариялады, дегенмен ол кезде тергеу тіпті басталмады да. Соттың осындай нәтиже шығаратынына манчестерліктердің күмәні болмады. Клуб УЕФА тәртіптік органына шағым түсірді. Шағым спорттық төрелік сотының (CAS) ережелеріне сәйкес келеді.
Қысқасы, іс УЕФА-да қозғалып, УЕФА өзі тексеріп, УЕФА шешім қабылдады. Жақын уақытта біз CAS ұйымына шағым түсіреміз», - деді клуб өкілдері.
Еске сала кетелік, УЕФА қаржылық Fair Play ережелерін бұзғаны үшін ағылшындық команданы екі маусымға еурокубок ойындарынан шеттеткен еді.