«Қайратта» доп тепкен Бакаев «Шахтерға» ауысты
«Шинник» командасының жартылай қорғаушысы Михаил Бакаев мансабын қарағандылық «Шахтерде» жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz Matchtv.ru порталына сілтеме жасап.
32 жастағы ойыншы мен клуб арасында екі жылдық күші бар келісімшарт жасалады.
«Анжи» және «Алания» сапында РПЛ-да ойнаған футболшы «Шинник» жейдесінде 12 матчта алаңға шықты.
Айта кетейік, Бакаев 2014-2017 жылдар аралығында «Қайрат» намысын қорғап, алматылық команданың негізгі футболшыларының біріне айналған еді. «Қайрат» қатарында 152 ойын өткізді.
Кеше Ақтөбе футболының түлегі Асланбек Кәкімов «Шахтер» сапына қосылғанын жазған едік.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или