Қазақстандық регбишілер ОАР елінде өтетін турнирге қатысады
28-29 наурызда Стелленбос қаласында (Оңтүстік Африка Республикасы) регби-7 бойынша HSBC Sevens Challenger сериясының әйелдер құрамалары арасында алғаш рет халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жарысқа 12 құрама қатысады: Аргентина, Бельгия, Қытай, Колумбия, Жапония, Қазақстан, Кения, Мексика, Папуа-Жаңа Гвинея, Польша, Шотландия және Оңтүстік Африка Республикасы.
Қатысушы командалар төрт құрамадан тұратын үш топқа бөлінеді. Плей-офф кезеңі гранд-финалмен аяқталады, оның жеңімпазы 2021 жылы Бүкіләлемдік регби-7 сериясына қатысу құқығына ие болады.
Бүкіләлемдік регби-7 сериясында әлемдегі ең мықты құрамалар өнер көрсетеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или