«Автомобилист» - «Барыс» матчының тікелей трансляциясы
Бүгін, 11 ақпанда «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы кезекті матчын өткізеді, деп жазады Prosports.kz.
Елордалық команда бүгін Екатеринбург қаласында жергілікті «Автомобилис» клубымен кездеседі.
Андрея Скабелка шәкірттері кезекті ойынға көтеріңкі көңіл-күймен қатысқалы отыр. Соңғы үш ойында да жеңіске жеткен қазақстандық команданың айдарынан жел есіп тұр. Ал бүгінгі қарсыласы соңғы үш кездесуде екі рет жеңіп, бір мәрте тең түсті.
Сондай-ақ, турнирлік кестесде қос команда бір-біріне жақын орналасқан. «Барыс» 73 ұпаймен 3-ші орында, ал «Автомобилист» 70 ұпай жинап, 4-ші орында тұр.
«Автомобилист» - «Барыс» матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 19:50-да басталады. Ойынды мына сілтеме арқылы көруге болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или