Қазақстан құрамасы Нидерландыны ірі есеппен ұтты
Олимпиада алдындағы хоккей турнирінің екінші матчында Қазақстан құрамасы Нидерланды құрамасымен кездесті, деп жазады Prosports.kz.
Кеше Украинаға қарсы өткен турнирдегі алғашқы матчта құрамамыз қарсылас қақпасына сегіз шайбы соққан еді. Бүгін Талғат Жайлауов бастаған жігіттер Нидерландыны 7:1 есебімен ұтты. Жайлауов дубль авторы атанды. Осы турнирде Қазақстан құрамасы сапында Талғатқа дейін бірде-бір хоккейші бір матчта екі шайбы соқпаған еді.
Екі ойыннан кейін Қазақстан алты ұпай иемденіп, бірінші сатыға жайғасты. Екінші орындағы Польшаның да еншісінде алты ұпай. Әйткенмен, Қазақстан турнирде Польшамен салыстырғанда бір шайбы артық соқты.
Турнирдің соңғы матчында Қазақстан мен Польша кездесіп, бірінші орынға таласады.
Қазақстан — Нидерланды 7:1 (3:0, 1:1, 3:0)
Шайбы соққандар:
1:0 — 01:01 Блэкер (Шалапов, Шестаков)
2:0 — 08:26 Диц (Рымарев, Старченко)
3:0 — 10:33 Рымарев (Бойд)
4:0 — 22:59 Орехов (Жайлауов, Петухов)
4:1 — 27:22 Ван дер Шуит (Стемфер)
5:1 — 41:57 Сагадеев (Петухов)
6:1 — 52:16 Жайлауов (Сагадеев, Шалапов)
7:1 — 57:56 Жайлауов (Петухов, Сагадеев)