Теннис

Федерация кубогы: Қазақстан – Бельгия матчының жеребесі тартылды

Федерация кубогы: Қазақстан – Бельгия матчының жеребесі тартылды
news-banner7
mobile-news-top

Ертең, 7 ақпанда, Кортрейкте (Бельгия) Қазақстан мен Бельгия командаларының қатысуымен Федерация кубогының іріктеу кезеңі басталады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін, 6 ақпанда, жеребе тастау рәсімі өтіп, ойын кестесі анықталды.

Сонымен, Зарина Дияс әлемдік рейтингтің 19-шы сатысына жайғасқан Элиза Мертенспен ойнайды. Юлия Путинцева 115-ші орындағы Исалин Бонавентюремен кездеседі.

Келесі күні, 8 ақпанда, теннисшілер қарсыластарымен алмасады.

Жұптық сында Ярослава Шведова/Анна Данилина және Кирстен Флипкинс/Гретие Миннен матч өткізеді.

Бельгия-Қазақстан матчының жеңімпазы сәуір айында Будапештте өтетін жаңа форматтағы финалдық кезеңге жолдама алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер