Жағажай волейболынан Азия чемпионатына қатысатын құрам анықталды
10-16 ақпан аралығына Тайландтың УдонТхани қаласында жағажай волейболынан ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді деп хабарлайды Olympic.kz.
Құрлық додасында Қазақстан намысын төмендегі спортшылар қорғайды:
Ерлер: Алексей Сидоренко/Александр Дьяченко;
Дмитий Яковлев/Сергей Богату;
Алексей Кулешов/Артем Петросянц
Әйелдер: Бақытгүл Самалықова/Ирина Цимбалова;
Алина Раченко/Анастасия Уколова.
Аталған Азия біріншілігінде Олимпиада ойындарына жолдама берілмейді. Лицензиялық турнир маусым айына жоспарланған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или