Баскетболдан Қазақстан құрамасына шақырту алған спортшылар тізімі белгілі болды
Баскетболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Эмиль Райкович оқу-жаттығу жиынына қатысатын ойыншылардың тізімін жариялады.
15-20 ақпан күндері Нұр-Сұлтанда 2021 жылғы Азия Кубогына іріктеу кезеңі алдындағы жаттығу жиыны өтеді.
Ұлттық құрамаға шақырту алған ойыншалыр келесідей:
«Астана»: Рустама Ерғали, Рустам Мырзағалиев, Дмитрий Гаврилов, Максим Марчук, Александр Жигулин, Николай Бажин, Асқар Майдекин, Вадим Щербак, Андрей Литвиненко және Роберт Пан.
«Тобыл»: Антон Пономарев, Антон Быков және Шаим Куанов.
Сонымен қатар, Роман Марчук («Синегорье»), Владимир Иванов («Барсы Атырау»), Глеб Жуков («Каспий») және Энтони Клеммонс («Монако»).
Сондай-ақ, Руслан Айтқали («Астана»), Денис Дегтярев пен Михаил Шваб («Тобыл»), Олег Болашов пен Рустем Утеген («Барсы Атырау»), Владимир Курочкин мен Аймұрат Саткеев («Каспий»), Азим Ягодкин мен Темірлан Жүнісов («Ақтөбе») қосалқы құрам қатарына енген.
Айта кетерлігі, Қазақстан құрама 21 және 24 ақпанда Иордания және Палестина ұлттық құрамаларымен кездеседі.