Командалық

«Астана» өз алаңында «Зелена-Гура» командасын жеңді

«Астана» өз алаңында «Зелена-Гура» командасын жеңді
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» ВТБ Біріккен Лигасының кезекті турында «Зелена-Гура» командасын қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. Қорытынды есеп - 92: 80.

Қазақстандық команда сапынан шабуылшы Малькольм Хилл 25 ұпай жинады. Ал қарсылас команда сапынан Ивиц Радич 29 ұпай жинады.

Осы жеңісінен кейін «Астана» турнирлік кестеде бесінші сатыға көтерілсе, «Зелена-Гура» тоғызыншы орынға жайғасты.

Айта кетейік, «Астана» соңғы төрт кездесуде үшінші рет жеңіске жетті, Ал «Зелена-Гура» қатарынан екінші рет жеңіліп қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер