Шавкат Рахмоновтың қарсыласы кім?

Шавкат Рахмоновтың қарсыласы кім?

<span>Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды.</span>

<span> Күні кеше Шавкат Рахмонов 21 науыз күні Лондон қаласында өтетін UFC Fight Night 171 турнирінде жекпе-жек өткізетіні туралы мәлімдеген болатын. Бүгін Қазақстан ММА федерациясының вице-президенті Асылбек Дүйсенов қазақстандық спортшының қарсыласының есімін атады. Шавкат Рахмонов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде поляк Бартож Фабинскиймен жұдырықтасады. 33 жастағы спортшы мансабында 17 жекпе-жек өткізіп, тек үшеуінде ғана жеңілген. UFC-де 2015 жылдан бері төрт жекпе-жек өткізген. Оңтүстік африкалық Гаррет Маклеллан, америкалық Эктор Урбина және норвегиялық Эмиль Микті жеңсе, бразилиялық Мишель Празеристен ұтылған. </span>

<span>Айта кетейік, UFC Fight Night 171 турнирі 21 наурыз күні Лондон қаласында өтеді. "Номад" лақап атымен танымал спортшы өткен жылдың шілде айында UFC-мен келісімшартқа отырды. Осыған дейін UFC турнирлерінде қазақстандық бірде-бір спортшы бақ сынамаған. Шавкат Рахмонов қазақстандық спортшылардың арасынан бірінші болып әлемнің ең беделді ұйымымен келісімшартқа қол қойды.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или