«Барыс» Финляндияда «Йокеритті» ірі есеппен жеңді

«Барыс» Финляндияда «Йокеритті» ірі есеппен жеңді

Бүгін елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті кездесуінде Финляндияның «Йокерит» командасымен ойнады.

«Барыс» енді қатарынан төрт ойынды сырт айдында өткізеді. Бүгінгі кездесу - соның алғашқысы.

Қос команда турнир кестесінде қатарлас келеді. Олардың еншісінде 65 ұпайдан бар. Кездесуде жеңіске жеткен команда жағдайын жақсарта түсетін. Екі клуб биыл бір мәрте кездесіп үлгерді. Елордада өткен ойында «Йокерит» 4:2 еебімен жеңіп кетті. Ойынды елордалық хоккейшілер сәтті бастады.

Кездесудің 3-минутында Даррен Диц айдын иелері қақпасынан саңылау тапты. Ал 19-минутта Ессе Йоеэнсу таразы басын теңестірді. Екінші кезең де тартысты өткенімен небәрі бір ғана шайба соғылды. Оны 25-минутта «Барыс» хоккейшісі Никита Михайлис шебер орындай білді. Кездесудің 55-минутында елордалық Аркадий Шестаков есепті ұлғайта түссе, 58-минутта Линус Виддель тағы бір голдың авторы атанды.

Ал ойынның бітуіне небәрі бес секунд қалғанда Дастин Бойд қорытынды есепті белгіледі. Осылайша «Барыс» қарсыласынан 5:1 есебімен басым түсті. Елордалық клуб қатарынан төртінші мәрте жеңіске жетіп отыр. Бүгінгі жеңістен кейін «Барыс» командасы «Йокеритті» артқа тастап, жалпы турнир кестесінде алтыншы орынға көтерілді.

Бұдан бұрын «Барыс» алты ойынның бесеуінде қарсыластарын қапы қалдырған болатын.

Олар 16 қаңтарда елордада Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасынан басым түскен еді. Енді «Барыс» қатарынан үш ойынды сырт айдында өткізеді. Алдымен 23 қаңтарда Ресейдің СКА (Санкт-Петербург) командасымен кездессе, 25 қаңтарда «Салават Юлаев» (Уфа), 27 қаңтарда «Автомобилист» (Екатеринбург) командаларымен шеберлік байқасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или