Хавьер Мендес: Хабиб МакГрегормен қарымта кездесу туралы ойламайды
Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің екінші жаттықтырушысы Хавьер Мендес өз шәкіртінің Конор МакГрегормен мүмкін болған қарымта кездесуі туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz Sports.ru сайтына сілтеме жасап.
«Конор Ковбойды жақсы жеңді. Егер оның стилі туралы айтар болсам, бірегей, тамаша стиль екені анық.
Дана Уайт реванш туралы әрдайым айтып келді, енді МакГрегор жеңіске жеткен шақта, мен UFC Нурмагомедовпен жекпе-жекке шығуды талап етіп жатқанына таңғалмаймын.
Бұл ММА-дағы ең үлкен жекпе-жек болар еді. Түсетін ақша да шаш етектен болмақ.
Алайда Хабиб дәл қазір Тони Фергюсонмен жекпе-жекті ойлайды. Сондықтан ол келесі қарсылас туралы сөйлескісі келмейді», - деді Мендес.
Еске салайық, 2018 жылдың қазан айында Хабиб МакГрегорды тұншықтыру әдісімен жеңді, содан кейін Конор мәсабын аяқтайтынын мәлімдеді. Алайда МакГрегор оралуға шешім қабылдады. Кеше оның алғашқы жекпе-жегі ұзақ уақыт үзілістен кейін өтті, ол Дональд Серронені 40 секундта жеңді.