«Зениттің» бас директоры: Исламхан - нәтижелі ойыншы
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз«Зениттің» бас директоры Александр Медведев Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламханның петерборлық клуб қаралымында болатынын растады, деп хабарлайды Prosports.kz Championat.com сайтына сілтеме жасап.
«Бауыржан Исламхан «Зенитпен» оқу-жаттығу жиынына қатысады». Ол Қазақстандағы ең үздік, нәтижелі ойыншы, «Қайрат» пен ұлттық құраманың капитаны. Біз оның әлеуетін байқайтын боламыз, әрі ол өзін жақсы жағынан көрсетуге тиіс», - деді Медведев Чемпионаттың тілшісі Максим Пахомовқа берген сұхбатында.
«Исламхан еңбек жолын 2011 жылы «Тараз» командасында бастады, содан кейін «Кубаньға» ауысты. Жартылай қорғаушы ресейлік клубта бірде-бір матч өткізбеді, ал 2013 жылы «Астанаға» жалға берілді. 2014 жылдан бастап Бауыржан «Қайраттың» намысын қорғады. Ол Қазақстан құрамасына 2012 жылдан бастап шақырылған.
Қазақстан Премьер-лигасының соңғы ойынында жартылай қорғаушы 22 матчқа қатысып, 7 гол соқты (пенальтиден 3) және 2 сары қағаз алды», деп жазады ресейлік сайт.