ММА

Нұрсұлтан Қасымханов Алматыда өтетін АСА 105 турнирінде өнер көрсетеді

Нұрсұлтан Қасымханов Алматыда өтетін АСА 105 турнирінде өнер көрсетеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Нұрсұлтан Қасымханов (9-2) өзінің келесі жекпе-жегінің қашан өтетінін білді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық спортшы 6 наурызда Алматыда өтетін AСA 105 турнирінде өнер көрсетеді. Almaty Arena мұз сарайында жауынгер беларусь Иван Жвирбльге қарсы төбелесетін болады. Жекпе-жек жартылай жеңіл салмақ дәрежесінде өтеді (66 келі).

Соңғы рет Қасымханов өткен жылдың қараша айында Алматыдағы ACS 102 турнирінде өнер көрсеткен еді. Сол кезде Нұрсұлтан төрешілердің шешімімен Александр Педусонды жеңді.

Беларусь елінің файтеріне келер болсақ, Иван Жвирбля (7-4) сол турнирде төрешілердің шешімімен қазақстандық Фаниль Рафиковті ұтып кетті.

Естеріңізге сала кетейік, кештің басты жекпе-жегінде Arlan MMA Pro Team командасының өкілі Арман Оспанов өнер көрсетеді. Оспановтың қарсыласы ресейлік Расул Мирзаев. "Сұңқар" клубынан басқа келесі турнирде Артем Резников (20-6), Асылжан Бақытжанұлы, Евгений Егембердиев октогонға шығатын болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер