Асылжан Бақытжанұлы ресейлік спортшымен жекпе-жек өткізеді

Асылжан Бақытжанұлы ресейлік спортшымен жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық аралас жекпе-жек өкілі Асылжан Бақытжанұлының Алматыда кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды.

«САҚ» лақап атымен белгілі спортшы жекпе-жегін 6 наурыз күні Алматы қаласындағы АСА 105 турнирінде өткізеді. Қарсыласы ресейлік Насрудин Насрудинов болуы мүмкін. Ресейлік спортшы жартылай ауыр салмақтың рейтингісінде 4-ші орында тұрса, Асылжан Бақытжанұлы 7-ші сатыға жайғасқан.

Айта кетейік, Асылжан Бақытжанұлы соңғы жекпе-жегін АСА 100 турнирі аясында өткізіп, ресейлік Алексей Стоянды (6-5) нокаутпен жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или