Әлем футболы

«Барселона» Вальвердеге келісімшартты бұзатынын ресми түрде хабарлады

«Барселона» Вальвердеге келісімшартты бұзатынын ресми түрде хабарлады
news-banner7
mobile-news-top

«Барселона» клубы басшылығы команданың бас бапкері Эрнесто Вальвердеге келісімшартты бұзу шарттарын талқылау үшін оның өкілімен байланысатыны туралы хабарлады, деп хабарлайды Catalunya Radio Twitter желісіндегі ресми парақшасында.

Бұған дейін каталониялық клуб жаңа жаттықтырушы іздеп, бірнеше үміткерлерге ұсыныстар жасағандығы туралы хабарланған болатын. Сонымен қатар, Хави (Аль-Садд) және Рональд Куман (Нидерланд құрамасы) «Барселонаны баптаудан» бас тартты.

Валверде «Барселонаға» 2017 жылы келген. Оның жетекшілігімен клуб екі рет Испания чемпионы атанды, сонымен қатар бір рет Испания Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды.

Дәл қазіргі сәтте «Барселона» Испания чемпионатында көш бастап тұр.

Түпнұсқасы: Mundo Deportivo Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер