Роман Григорчук: Клуб пен оның жанкүйерлеріне бірлескен жақсы жол үшін алғыс білдіремін

Роман Григорчук: Клуб пен оның жанкүйерлеріне бірлескен жақсы жол үшін алғыс білдіремін

«Астана» футбол клубы тараптардың келісімі бойынша команданың бас бапкері Роман Григорчукпен еңбек келісімшартын тоқтатты. Қазақстанның алты дүркін чемпионымен ресми келісімшартын тоқтатқан украиналық маман елорда командасының баспасөз қызметіне өз әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz, елодалық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

- Футболдағы өмір осындай, біз тек ілгері қарауға тиіспіз. Мен өз кезегімде барлық клуб мүшелеріне, бапкерлер құрамына, футболшыларға бірлескен жақсы жол үшін алғыс білдіремін. Бірінші кезекте баршаңызға зор денсаулық және де футболда жоғары жетістіктер тілеймін. Сондай-ақ өз алаңымыздағы кездесулерде тамаша атмосфера жасай білген біздің жанкүйерлерімізге алғымды айтамын. Әрине мен «Астананың» алдағы ойындарын бақылап, жеңіс тілейтін боламын. Клуб өз алдына жоғары мақсат қоюын жалғастырады деген сенімдемін.

- Клуб құрамындағы бір жарым жылдағы ең жарқын сәтті атап өтсеңіз?

- Егер бір ойынға ерекше назар бөлетін болсам, онда өз алаңымыздағы БАТЭ командасына қарсы кездесуді айтқан болар едім. Бұл біздің Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шығу жолындағы ең маңызды ойын болды, әрі ол кездесуді жоғары деңгейде өткізу біздің қолымыздан келді.

Оқи отырыңыз:

Роман Григорчук «Астанадан» кетті

Григорчук киевтік «Динамоны» баптауға дайын

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или