Асылжан Бақытжанұлы ACA 105 турнирінде өнер көрсетеді
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асылжан Бақытжанұлы келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды prosports.kz
Асылжан Бақытжанұлы 6 наурызда өтетін АСА 105 турнирінде өнер көрсететін болады. Турнир Almaty Arena мұз сарайында өтеді. <br />Қазіргі кезде спортшы Ресейдің Махачкала қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. <br />«Келесі жекпе-жегімде жеңіске жету үшін бар күшімді саламын. Қолдау көрсетушілеріме үлкен алғыс білдіргім келеді. Тек жеңіспен қуантамын деп сенемін», - деді спортшы инстаграмдағы парақшасында.
Отандасымыздың қарсыласы ресейлік Насрудин Насрудинов болуы мүмкін. Ол жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі рейтингте төртінші орында тұр. Асылжан Бақытжанұлы аталаған рейтингте жетінші сатыға жайғасқан. <br /><br />
Асылжан «Сақ» Бақытжанұлы соңғы жекпе-жегінде АСА 100 турнирінде ресейлік Алексей Стоянды бірінші раундта нокаутпен жеңген болатын.