«Астана» қонақта ПАРМА-дан жеңілді
«Астана» ВТБ Біріккен Лигасының матчында ПАРМА-дан ұтылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Пермьдегі ойында алаң иелері 100:91 есебімен жеңіс тойын тойлады. Соңғы ширек алдында «Астана» 11 ұпай артта қалып келе жатқан еді. Бірақ негізгі уақыттың аяқталуына дейін қазақстандық команда есеп теңестіре алды - 86:86. Алайда шешуші бес минуттықта ресейліктер «Астанаға» мүмкіндік қалдырмады.
Осылайша, 12 матчта бес мәрте ғана жеңіске жете алған «Астана» ВТБ Лигасында жетінші орында қалды. «Парма» 12-ші орында.
«Астана» келесі матчын 26 қаңтар күні өз алаңында өткізеді. Елордаға қонаққа турнир кестесінде сегізінші орынымен қазақстандықтармен көрші тұрған польшалық «Стелмет Зелена-Гура» командасы келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или