«Барыс» «Авангардтан» жеңілді

«Барыс» «Авангардтан» жеңілді

Құрлықтық хоккей лигасы аясында «Барыс» хоккей клубы өз мұз айдынында омбылық «Авангард» хоккей клубын қабылдап, 0:3 есебімен есе жіберді, деп хабарлайды prosports.kz

Нұр-Сұлтан қаласында өткен кездесуде елордалық команда қарсыластың осал жерін таба алмады. Омбыдан келген қонақтар сапында Дедунов, Войнов және Клинкхаммер мергендіктерімен көзге түсті.

Естеріңізге салатын болсақ 6 қаңтар күні «Барыс» сырт алаңда 2:3 есебімен «Авангардты» жеңген болатын.

Қазіргі кезде Скабелка шәкірттері 46 ойыннан кейін 59 ұпай жинап, Шығыс конференциясында үшінші орында тұр.
Ал «Авангард» 46 ойыннан кейін 62 ұпаймен екінші сатыға жайғасқан.

«Барыс» хоккей клубы келесі кездесуін ертең 12 қаңтар күні «Локомотив» командасына қарсы өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или