Lausanne 2020: Қазақстандық хоккейші жасөспірімдер Олимпиадасын жеңіспен бастады
Швейцарияның Лозанна қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында аралас командалар арасындағы 3х3 форматындағы хоккей додасы басталды деп хабарлайды Prosports.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
<span>Қазақстандық қақпашы Алексей Байдек сұр киімді команданың намысын қорғап, алғашқы ойында жеңіске жетті. Олар сары түсті команда ойыншыларын 9:8 есебімен ұтқан. Алексей Байдек Қатар, Мексика, Түркіменстан, Жапония, Ресей, Испания, Корея, Словакия, Аустрия, Болгария, Венгрия және Швеция спортшыларымен бір топта сынға түсіп жатыр. </span>
<span>Айта кетелік, жасөспірімдер Олимпиадасына аралас командалық хоккей жарысы алғаш рет өткізіліп отыр. </span>
ФОТО: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі<br /><br />
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или