«Келісім жасалды!» Головкин мен Шеремета жекпе-жегінің өтетін күні жарияланады

«Келісім жасалды!» Головкин мен Шеремета жекпе-жегінің өтетін күні жарияланады

Қазақстандық боксшы Геннадий GGG Головкин мен польшалық былғары қолғап шебері Камил Шеремета арасындағы жекпе-жектің өтетін күні жақында жарияланады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Boxing Kingdom Twitter-аккаунты хабарлағандай, тараптар келісімді егжей-тегжейлі зерттеп, мақұлдасқан, енді тек өтетін күнін жариялау ғана қалды.  

«Келісім жасалды! Геннадий Головкин - Камил Шеремета кездесуі. IBF міндетті қорғауы. Ресми хабарландыру жақын арада жарияланады », - деп жазылған Twitter желісіндегі парақшада.

Еске сала кетелік, Головкин мен Шеремета арасындағы өтуі тиіс жекпе-жек өткен жылдың күзінен бері айтылып келеді.  Қос боксшының келісімге келе алмай жүргені  жайлы әртүрлі алыпқашпа әңгімелер пайда болды. Тіпті жыл басында кездесу кейінге шегеріледі деген де сыбыс шыққан болатын.

<h1 class="feed-title">Хирн Головкиннің шаршы алаңға нақты қашан шығатынын айтты</h1> <h1 class="feed-title">Головкин кезекті жекпе-жегін қай жерде өткізгісі келетінін айтты</h1>

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или