Қазақстандық ойыншы «Висладағы» алғашқы жаттығуын өткізді

Қазақстандық ойыншы «Висладағы» алғашқы жаттығуын өткізді

Қазақстан құрамасының ойыншысы Георгий Жуков Польшаның «Висла» командасындағы алғашқы жаттығуын өткізді.

«Висла» Польша чемпионатының екінші бөлігіне дайындығын өткізіп жатыр. Оқу-жаттығу жиыны кезінде польшалық ұжым «Сталь» (Мелец, Д2), македониялық «Силекс», грузиялық «Динамо» (Батуми) және «Динамо» (Тбилиси) командаларымен жолдастық матч өткізеді.

Георгий Жуков өткен маусымда «Қайрат» сапында 30 матчқа қатысты, әрі 2 гол соғып, 2 нәтижелі паспен көзге түсті. Ол сонымен қатар Қазақстан ұлттық құрамасымен бірге Еуро-2020 іріктеу кезеңінде өнер көрсетті.

Айта кетейік, «Висла» Польшаның жоғары лигасында бақ сынайтын команда. Сол елдегі тарихы тереңге тартатын клубтардың бірі саналады. 13 мәрте Польша чемпионы атанған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или