Мәлік Кушалиев: «Егер «Қайрат» бәрін «сатып алса», «сатылған» командалар жөзекше болғаны ма?»

«Қайрат» футбол клубының директоры Мәлік Кушалиевтің «PROСПОРТ» тілшісіне берген сұхбатын назаларыңызға ұсынамыз.

- Қарсыластарыңыздың ойынға жан-тәнімен берілмей ойнағаны анықталса, «Қайрат» қандай шара қолдануға дайын?

- Түрлі шара қолдануға дайынбыз. Қазақстан футбол Федерациясына арыз жазамыз, атқару комитетіне шағымданамыз. Егерде Федерациямыз қимылдамаса, ештеңе өзгермейді. Ел кубогындағы «Ақтөбе»-«Астана» ойынынан кейін-ақ тексеруді бастар едім. Барлығымыз Қазақ футболының таза болғанын қалаймыз. Әйтпесе, біздің футбол дамымай, бір орында тұрады.

- Ел чемпионатының шешуші ойындарына шетелдік төрешілерді шақыруға қалай қарайсыз?

- Дұрыс қараймын. Меніңше, бұл шешім біздің командаларға сабақ болады. «Күмәнді ойындар» азаяды. Дегенмен, егерде екі команда келісіп алса, ешқандай төреші де көмектесе алмайды.

- Соңғы жылдары біздің командалар жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Сіздің ойыңызша, қазақ футболы дамып жатыр ма?

- Қазақстан чемпионатын шетелдік мықты ойыншылар күшейтті.

- Sports.kz сайтында жарияланған «Қастандық теориясы» мақаласы жайлы пікіріңіз қандай?

- Өте қызық мақала. Оқып бір күліп алдық. Бір жыл бұрын біз спортс.кз порталымен келісімшартқа отырғанбыз. Бәрі жақсы болатын. Бірақ, кейін біз ешқандай порталмен байланыста болғымыз келмейтенін айттық. Содан соң арандату басталды. Әрбір мақалада «Қайратты» жамандау байқала бастады. Мен үшін бұл түсініксіз жайт. Біз оларға жамандық жасаған жоқпыз. Бірақ бізге бәрібір.

- Владимир Вайсс биылғы маусым аяқталған соң пермдік «Амкарға» кетеді деген сыбыстар бар. Бұл рас па?

- Владимир Вайсстың жаттығулары, ойыншылармен жұмыс істеуі – бұның бәрі жоғары Еуропалық деңгей. Қазіргі танда, оның «Қайратпен» келісімшарты бар. Биылғы маусым басында жергілікті БАҚ Вайссты орнынан алып тастау керек деп жазған болатын. Десек те, мен, Боранбаев мырза айтқандай, Вайссты орнынан кетіру жайлы әңгіме болған емес. Вайсс «Қайраттан» кетпейтініне сенімдімін. Бұған қоса, онымен келісімшартты ұзартқымыз келеді.

- «Қайрат» бәрін «сатып алды» деген сыбыстар жайлы пікіріңіз қандай?

- Егерде «Қайрат» бәрін «сатып алса», онда «сатылған» командалар жөзекше болғаны ма? Бұл рас болса, олар ел чемпионатында ойнамауы қажет. Ақша үшін ойнағандары ма сонда? Біз мұндай командалармен ойнағымыз келмейді. Салынып жатқан академияларды тоқтатып, балалар академиясына қаржыны үзіп барлығын «сатып ала» аламыз. Бірақ, бұл кімге керек? «Қайрат» ондай жолмен абырой жинамайды. Өйткені біз таза футболға, таза жеңісті қолдаймыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или