«Нью-Йорк Янкиз» бейсболшысы 81 матчқа шеттетілді
«Нью-Йорк Янкиз» бейсболшысы Доминго Херман өзінің құрбысына қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін чемпионаттағы 81 ойыннан шеттетілді, деп хабарлайды Prosports.kz.
27 жастағы доминикандық бейсбол ойыншысы құрбысына физикалық зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылды. Құрбысы одан кем дегенде бір баланы дүниеге әкелді - деп хабарлайды ESPN.
Бейсболшы қыркүйек айынан бері алаңға шыққан жоқ. Сол кезде сот отырысы басталған еді. 3 айдан астам уақыт ішінде командасы 18 матч өткізді. Яғни, спортшы 18 матчтық жазасын өтеді, енді 63 ойын қалды.
Херманның жалақысы аптасына 557 мың долллар. Алайда, шектеу уақыты аяқталғанға дейін спортшы клубтан бір тиын да алмайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или