Арман Оспанов келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды
Аралас жекпе-жектен қазақстандық файтер Арман Оспановтың келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz MMA Fighters KZ-ке сілтеме жасап.
«Арман Оспанов өзінің келесі жекпе-жегін ACA 105 басты додасында өткізеді. Турнир AСA вице-президенті Асланбек Бадаевтың айтуынша, 6 наурызда Қазақстанда өтеді (инсайдерлік ақпарат бойынша, 105-турнир Алматы қаласында). Оспанов үшін бұл жекпе-жек AСA ұйымымен жасалған келісімшарт бойынша соңғы болады», - делінген инстаграмдағы жазбада.
Еске сала кетейік, өткен жылдың <span>үздік нокауттарының қатарына Арман Оспановтың жарқын жеңісі де кірген еді. Осы жылдың сәуір айында Оспанов ACA 95 турнирінде неміс спортшысы Лом-Али Эскиевті әдемі құлатты</span>.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или