Жеңіл атлетика

Алматыда дәстүрлі V жаңажылдық марафоны өтті

news-banner7
mobile-news-top

Баум тоғайында «Экстремалды атлетика» атты бесінші жаңажылдық Алматы марафоны өтті.

Жаңа жылдың алғашқы күнінде стартқа 1,5 мыңға жуық адам шықты. Дәстүр бойынша қатысушылардың көбі карнавалдық костюмдерін киді. Марафонның бас хатшысы Вадим Винокуровтың айтуынша, скандинавиялық жаяу жүруге 3 қашықтық берілді — 21, 42 және 7 шақырым. Жарысқа қатысқан барлық адамға медаль берілді. Сонымен қатар, марафонға трекинг жүйесіне қосылу арқылы Қазақстанның және әлемнің кез-келген басқа қаласынан қатысуға мүмкіндік болды.

«Марафон 2015 жылдан бастап өткізіліп келеді. Биыл жүгіруге 1,5 мың адам қатысты. 400-ге жуық адам әлемнің түкпір-түкпірінде жүгірді. Біздің ұранымыз: мағынасыз күнді мағынамен толтыру. Басты мақсат – халық арасында дене шынықтыру, спорт және салауатты өмір салтын насихаттау», — деді В. Винокуров.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер