Жеңіл атлетика

Altay Athletics клубының спортшысы Франциядағы дәстүрлі жарыстың жеңімпазы атанды

Altay Athletics клубының спортшысы Франциядағы дәстүрлі жарыстың жеңімпазы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Altay Athletics клубының кениялық спортшысы Нора Джеруто 2019 жылды жақсы аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол Францияның Уильесінде жыл сайынғы Corrida pedestre internationale de Houilles жарысында жеңіске жетті. Нора қашықтықты 30 минут 32 секундта жүгіріп өтіп, жарыс барысында екі эфиопиялық Нигсти Хафту Тесфай (30:52) мен Гете Алемайехуден (31:08) озып кетті. Тіпті Жеруто осы қашықтықта Францияның рекордын жаңартты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер