Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионы Финляндиядан ұтылды

Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионы Финляндиядан ұтылды

Жастар арасындағы әлем чемпионатындағы үшінші матчта Қазақстан құрамасы Финляндия құрамасымен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сергей Старыгиннің шәкірттері үшін матч оңайға соққан жоқ. Қазақстан құрамасы әлем чемпиондарына алғашқы кезеңде ғана қарсылық таныта алды. Патрик Пуистоланың шайбысына біздің команда қатарынан Андрей Буялский дәл соққымен жауап берген. Алайда, финдар <span>Кристиан Танус соққан шайбының арқасында үзіліске 2:1 есебімен кетті. </span>

Екінші жиырма минуттың басында Маттиас Маччели есепті еселей түсті. Аату Ряту таблодағы көрсеткішті 4:1-ге жеткізді.

Ойынның соңғы бөлігінде Пуйстола дубль жасады, ал Микко Кокконен мен Ким Нусайнен бір-бір шайбыдан соқты. 7:1 - Финляндияның жеңісі.

Осылайша, қазақстандықтар турнирдегі үшінші матчта да жеңілді.

Жерлестеріміз ертең топтық кезеңнің соңғы матчын Швециямен өткізеді. Ойын 20:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или