Федор Емельяненко жекпе-жек алдында қарсыласынан жеңіл болып шықты
29 желтоқсанда Сайтама қаласында өтетін Bellator 237 аралас жекпе-жек турнирінің басты оқиғасы 41 жастағы Квинтон Джексон мен 43 жастағы Федор Емельяненконың жекпе-жегі болады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу алдында қос қарсылас салмақ өлшеді. Америкалық спортшы ресейлік әріптесінен 10 келіге ауыр болып шықты. Федор мінген таразы 109 келіні көрсетсе, Джексонның салмағы - 120,2 келі.
Емельяненко аралас жекпе-жекте 45 жекпе-жек өткізіп, оның 38-інде жеңіске жетті. 41 жастағы Квинтон Джексон да 38 мәрте жеңіс тойын тойлаған. Алайда ол барлығы 51 рет жекпе-жекке шыққан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или