«Барыстың» капитаны ҚХЛ жұлдыздарының қатарына кірді
Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) 2020 жылғы жұлдыздар матчына қатысатындар тізімін жария етті.
<span>«Барыс» хоккей клубы мәлім еткеніндей, Мәскеуде 18-19 қаңтарда өтетін жылдың басты шоуына ҚХЛ-дың 24 клубында ойнайтын 40 ойыншы аттанбақшы. </span>
<span>Солардың ішінде «Барыстың» капитаны, Қазақстан құрамасының қорғаушысы, тегі канадалық Даррен Диц бар. Ол «Авангард» хоккей клубының бас бапкері Боб Хартли басшылық ететін Чернышев дивизионының намысын қорғайды. </span>
<span>ҚХЛ жұлдыздарын таңдау үш кезеңде жүргізілді. Алдымен оларды жанкүйерлер, содан кейін БАҚ өкілдері таңдады. Соңғы 16 хоккейшіні ҚХЛ іріктеді. Матч қарсаңында командалар МХЛ шақыру кубогының төрт үздік ойыншысымен толығатын болады. </span>
<span>Төрт дивизион құрамалары 18 қаңтар күні шеберлік шоуын өткізеді. Ал 19 қаңтарда матчтың өзі шағын турнир түрінде өтеді.</span>