русский язык
Хоккей

«Барыс» петерборлық командадан ойсырай ұтылды

«Барыс» петерборлық командадан ойсырай ұтылды
news-banner7
mobile-news-top

Құрлықтық хоккей лигасының кезекті матчында елордалық «Барыс» петерборлық СКА командасын қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үш күн бұрын «Барыс» Мәскеуде төрт матчқа созылған жеңісті сериясын тоқтатқан еді. Нұр-Сұлтандағы ойын қожайындар үшін сәтті басталды. 11-ші секундта Атте Охтамаа есеп ашты. Алайда, келесі 11 минутта қонақтар үш шайбы соғып кетті. Араға бір минут салып, Алексей Маклюков таблодағы көрсеткішті қысқартқан еді. Дегенмен, матчтың екінші бөлігінде СКА хоккейшілері тағы да қазақстандық команда қақпасынан үш мәрте саңылау тапты. Үшінші периодта есеп өзгерген жоқ. 2:6 есебімен «Барыс» қарсыласқа есе жіберді.

27 желтоқсан күні «Барыс» өз мұз айдынында мәскеулік «Динамомен» кездеседі.

«Барыс» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) — СКА (Петербор, Ресей) 2:6 (2:3, 0:3, 0:0)

Шайбы соққандар:

1:0 — 00:11 Охтамаа (Шевченко)
1:1 — 03:04 Лехтеря (Ткачёв Владимир Э.)
1:2 — 03:43 Зуб (Якупов, Кагарлицкий)
1:3 — 11:25 Зуб (Якупов, Кагарлицкий)
2:3 — 12:13 Маклюков (Блэкер, Старченко)
2:4 — 25:29 Якупов (Кагарлицкий, Кузьменко)
2:5 — 28:31 Токранов (Ткачёв Владимир Э., Бенгтссон)
2:6 — 37:42 Зуб (Кетов, Ткачёв Владимир Э.)

Қақпашылар: Карлссон 00:00-11:25, Паскуале 11:25-60:00 — Мельничук

Түпнұсқасы: prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;