Пушкаревтың жаңа командасы белгілі болды
"Барыс" хоккей клубының бұрынғы ойыншысы Константин Пушкарев жаңа командаға ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz
Соңғы мәліметтерге сай ол румыниялық "Дунэря" хоккей клубымен келісімге келді. Аталған клубтың бас бапкері украиналық Вадим Шахрайчук. Румыниялық ұжымда Қазақстанда өнер көрсеткен бірнеше хоккейшілер өнер көрсетеді.
34 жасар хоккейші ҚХЛ-да "Барыс", "Авангард", "Металлург" және "ЦСКА" хоккей клубтарында ойнаған. Тіпті мұхиттың арғы жағында Ұлттық хоккей лигасында "Лос-Анджелес Кингз" сапында 17 ойын өткізген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или