«Барыс» - СКА матчының тікелей трансляциясы
Бүгін, 25 желтоқсан «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы кезекті матчын сырт алаңда өткізеді, деп жазады Prosports.kz.
Елордалық команданың бүгінгі қарсыласы Санкт-Петербургтің СКА клубы.
Төрт ойын қатарынан жеңіске жеткен елордалықтар жеңісті сериясын Мәскеуде аяқтады. Андрей Скабелка шәкірттері 22 желтоқсанда «Спартактан» 3:1 есебімен ұтылған болатын.
Ал бүгін Батыс конференциясының екінші командасы мен Шығыс конференциясының үшінші командасы кездескелі отыр.
Тағы бір айта кетерлігі, жарақаттарға байланысты қазақстандық команда сапынан Виктор Сведберг пен Иво Пакаринен ойынға қатыса алмайды. Ал ресейлік командаға Сергей Плотников көмектесе алмайды.
«Барыс» - СКА матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 19:20-де басталады. Ойынды мына сілтеме арқылы көруге болады.