Қазақстандық спортшы “Жыл нокауты” атағына үміткер
Қазақстандық ММА шебері Арман Оспанов ACA лигасында"Жыл нокауты" сыйлығына үміткерлердің қатарында, деп хабарлайды Prosports.kz, ACA лигасының ресми сайтына сілтеме көрсете отырып. <br />
Арман Оспановтың 27 сәуірде Лом-Али Эскиевке қарсы өткізген кездесудегі нокауты жүлдеге үміткер атанып отыр. Аталған кездесуде қазақстандық спортшы екінші раундтың басында қарсыласының басынан тіземен соққы жасап, жеңіске жеткен болатын.
Үздіктерді анықтау үшін АСА лигасының ресми сайтында дауыс беруге болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или