Макгрегор - Серроне жекпе-жегіне барлық билеттер бір күнде сатылып кетті

Макгрегор - Серроне жекпе-жегіне барлық билеттер бір күнде сатылып кетті

19 қаңтар күні өтетеін UFC 246 турниріне билеттер бір тәулік ішінде сатылып кетті. Кештің басты жекпе-жегінде 77 келі салмақ дәрежесінде ирландиялық Конор Макгрегор мен Дональд Серроне кездеседі. 

Билеттер құны 200-1500 АҚШ доллары арасында бағаланған. Қазіргі кезде билеттерден 10 миллион АҚШ доллары пайда түскен. 

Макгрегор мен Серроне кездесуі Лас Вегастағы <span>T-Mobile Arena-да өтетеін болады. </span>

<span>36 жасар Дональд Серроне ММА-де 50 жекпе жек өткізіп, 36 рет жеңіс тойын тойлаған. Ал Макгрегор 25 кездесу өткізіп, 21 рет қарсыластарынан басым түссе төрт рет жеңіліс дәмін татқан. </span>

<span>Естеріңізге салатын болсақ Конор Макгрегор соңғы жекпе-жегінде ресейлік Хабиб Нурмагамедовке қылқындыру әдісімен жеңіліп қалған болатын. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или