Чехиялықтар Астана-Аренаны әбден сынға алды

Чехиялықтар Астана-Аренаны әбден сынға алды

Елордаға ұшып келген еуропалық құрама «Астана-Аренаның» алаңын қатты сынға алды. Бұл туралы 24.kz сайты мәлімдеді.

«Мен жасанды алаңда футбол ойнап, жаттыққан емеспін. Сондықтан, бүгінгі матч қалай болары белгісіз», - дейді Чехия құрамасының капитаны Томаш Росицкий.

Ал «Астана-Аренада» алғашқы жаттығуын өткізген соң, Чехия құрамасының қорғаушысы Давид Лимберский стадиондағы жасанды төсенішті кілемге теңеді.

«Біз соңғы үлгідегі жасанды алаң болады деп ойлап едік. Ал мынау кәдімгі кілем ғой», - дейді Давид.

Жасанды алаңда ойнау тәжірибесі мол Томас Нецидтің өзі:

«Жасанды алаңда ойнау оңай емес. Бірақ Астанадағы төсеніш мүлде басқа», - деп, таңданысын білдірген.

Еске сала кетейік, Чехия құрамасы Қазақстанға ұшып келу үшін 16 миллион теңге шығындапты. «Астана-Арена» стадионы 2009 жылы қолданысқа берілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или