ҚХЛ-дың Жұлдыздар матчына жетекшілік ететін бапкерлердің есімдері белгілі болды

ҚХЛ-дың Жұлдыздар матчына жетекшілік ететін бапкерлердің есімдері белгілі болды

ҚХЛ-дың  2020 жылғы Жұлдыздар матчы дивизиондарын бастап шығатын мамандардың есімдері белгілі болды, деп жазады Prosports.kz лиганың әлеуметтік желілердегі парақшаларына сілтеме жасап.

Бобров дивизионы командасын СКА-ның бас бапкері Алексей Кудашов басқаратын болды. Тарасов дивизионы командасына ЦСКА-ның бас жаттықтырушысы Игорь Никитин жетекшілік етсе, Харламовт дивизионы командасы «Ак Барстың» коучы Дмитрий Квартальновтан тәлім алады. Соңғы дивизион – Чернышев командасын «Авангард» клубының бапкері Боб Хартли баптайды.

Аталған бапкерлер ҚХЛ дивизиондарының көшін бастап тұр.

ҚХЛ Жұлдыздар матчы 2020 жылдың 20 қаңтарында Мәскеудегі «ВТБ Аренада» өтеді.

<br />

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или