Өзбек спортшысы Бекзод Нурматов неден қайтыс болды?

Өзбек спортшысы Бекзод Нурматов неден қайтыс болды?

Өзбекстандық спортшы Бекзод Нурматов ACA турниріндегі жекпе-жектен соң неден қайтыс болғаны белгілі болды.

4 қазанда Нұрматов ACA 100 турнирінде өнер көрсетіп, Беслан Исаевтан төрешілер шешімімен жеңіліп қалған болатын. Араға үш күн салғанда Бекзод Нурматов өмірден өткен.

АСА ұйымының президенті Алексей Яценко спортшының неден қайтыс болуы мүмкін деген сұраққа жауап берді:

– Жекпе-жектен соң ол ештеңеге шағымданбады. Алайда біраз уақыт өткеннен соң оның секунданты спортшының жағдайы ауыр екенін айтты. Дәрігерлер келгенде ол есін білетін еді. Медициналық тексерістен соң жағдайы ушыға түсті. Қан қысымы көтеріліп кетті. 

Оны дереу ауруханаға жеткізген. Ол жерде спортшының инсульт алғаны белгілі болды. Секунданттарының айтуынша, жекпе-жектен соң ол қатты абыржып, өзіне сабырға шақыра алмаған. Жекпе-жектің видеосында оның ауыр соққы алмағанын көруге болады. Бұл ауыр қаза, — деді Яценко ТАСС басылымына.

Өзбек спортшысы мансабын 2016 жылдың желтоқсан айында бастаған еді. Үш жыл ішінде Бекзод бес жекпе-жек өткізіп, 4 мәрте жеңіліс тапқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или