Месси соңғы төрт пенальтидің үшіншісін желге ұшырды

Аргентина құрамасы мен «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Мессидің он бір метрлік айыпдобын орындауда жолы болмай жүр. 11 қазанда Пекинде өткен Бразилия мен Аргентина құрамалары арасындағы жолдастық кездесуде Лео кезекті рет пенальтиден мүлт кетті.

Мессидің 41-минутта жасаған соққысын пентакампеондардың қақпашысы Жефферсон кері қайтарды. Осылайша Лео есепті теңестіретін мүмкіндікті желге ұшырды. Аргентиналық соңғы тепкен төрт пенальтидің біреуінде ғана гол соға алған.

Ал кездесу бразилиялық команданың пайдасына 2:0 есебімен аяқталды. Екі голды да Диего Тарделли соқты.

Бразилия – Аргентина 2:0 (1:0)

Голдар: 1:0 – Тарделли (28), 2:0 – Тарделли (64)

Соғылмаған пенальти: Месси (41).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или