Жеңіске тұрарлық ойын. 45’ – Нидерланд – Қазақстан – 0:1

2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде А тобында өнер көрсететін Нидерланд пен Қазақстан құрамалары кездесті. Тартысты өткен матчтa «қызғалдақтар елінің» өкілдері жеңіске лайық болды.

Матчтың басталғанына 7 минут өткеннен кейін голландиялықтар алғашқы соққысын жасады. Ван лер Вил алыстан жасаған соққысымен Мокинді бір тексеріп алды. Бірте-бірте қарсы алаң,а өте бастаған Қазақстандық футболшылар осы матчтағы діттегендері жетті. 15-ші минутта бұрыштан көтерілген допқа бірінші болып Абдуллин баспен жетіп, тамаша соққысымен есепті ашты. ГГГГООООЛЛЛЛ!!!! Ешкім күтпеген бастама... Юрий Красножанның шәкірттері ойынды тың бастап, тіпті осы іріктеу кезеңіндегі алғашқы голын соқты. Әлемнің чемпионатының қола жүлдегерлері қарсыласының мұндай ойын көрсетеді деп күтпеген еді. Сәл есеңгіреп барып, қайта азулы шабуылдарын бастады. Арьен Роббен екі-үш қорғаушының арасынан тамаша сытылып өтіп, қақпа маңына пас тастаған болатын. Алайда Мокин өз орнынан табыла білді. Гус Хиддинк шәкірттері тас қамалдай болған қазақстандық футболшыларының қорғаушылар әрі өте алмай, алыстан жасаған соққысымен шектелді. Алғашқы таймның соңына таман Ленс соққы жасап, Мокин қыралығын тағы бір байқатты. Үзіліске Красножанның шәкірттері керемет көңіл-күймен кетті.

Екінші таймды голландықтар бірден өткір шабуылмен бастады. Аффелайдың гол соғатын мүмкіндігі болған еді, алайда бұл жолы Мокин тағы өз қақпасын голдан аман сақтап қалды. Қарымта шабуылда Мирошниченко өз бағын сынап көрді, дегенмен доп қақпа маңынан сәл қиыс кетті. Воротников қайшылап тепкенменде, оған дәлдік жетіспеді. Әйткенменде ойынның 61-ші минутында Стефан де Врей таразы басын теңестіріп кетті. Ал бірер минут өтісімен Ұлттық құрамамыз бұдан да ауыр жағдайда қалды: Жолшиев ереже бұзып, қызыл қағаз алды. Он футболшымен қалған құраманың жағдайы қиын еді. Роббен айыпдобынан қақпа бағанасын дәл көздеді, екінші деммен басталған шабуылда Хунтелаар қақпашымен жеке шығып соққы жасады. Қазақстандық қақпашы Мокин тағы да ерледі. 81-ші минутта Голландия құрамасының футболшылары екінші голдарын соқты. Ибрагим Аффеллай айып алаңының сыртынан Моккиннің иелгін тура көздеді. 7 минут өтісімен Ван Перси бұл матчтағы командасының үшінші голын соқты, тек пенальтиден... Шомко айып алаңында ереже бұзып, командамыздың қақпасына 11-метрлік айыпдобын алып берді. Матчтың қалған уақытында таблодағы есеп өзгермеді.

Негізінде, бүгін Ұлттық құрамамыз бүгін негізгі құрамның бірнеше ойыншылары жоғына қарамастан, Әлем чемпионатының қола жүлдегерімен тең дәрежеде ойын өрнегін көрсетті.

Еуропа-2016 чемпионатының іріктеу кезеңі. А тобы. Екінші кезең.

Нидерланд – Қазақстан – 3:1 (0:1)

Голдар: Хунтелаар 61, Афеллай 81, ван Перси 89 - Абдулин 16

Нидерланд: Силлессен, Блинд, Инс, де Врей, дер Виль, де Йонг (Хунтелаар 56), Афеллай, Снейдер, Роббен, Ленс, ван Перси

Қазақстан: Мокин, Сүйінбаев, Абдулин, Воротников, Дмитренко (Гурман 72), Мирошниченко, Карпович (Коробкин 77), Богданов, Шомко, Жолшиев, Хижниченко (Нұрғалиев 90)

Төрешілер: Матей Юг (Словения)

Ескертулер: Абдулин 33, Дмитренко 55

Алаңнан қуылды: Жолшиев 64

10 қазан 2014. Амстердам, «Амстердам-Арена». 47 836

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или