Юрий Красножан : «Амстердамда жеңістен дәмеліміз»

Юрий Красножан : «Амстердамда жеңістен дәмеліміз»

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Красножан Амстердамда матч алдындағы баспасөз мәслихатын өткізді.

— Жігіттердің жігерліктерінде мін жоқ, - деп бастады Юрий Красножан. - Әлбетте, қай команданың фаворит екені бәріне белгілі: бұл - Голландия. Дегенмен, біз де сәтті ойыннан үміттіміз. Ойынға дейін жеңіліске мойынсұну біздің ережемізге сай емес. Әрдайым жеңіске жеткіміз келеді. Амстердамда да жеңістен дәмеліміз. Бұл ойын - мүмкіндік. Мұндай ойында ешнәрсе жоғалтпайсың, бірақ көп нәрсеге қол жеткізуіңе

— Ұлттық құраманың бірнеше белді ойыншысы Астанада қалып қойды. Бұл немен байланысты? Чехтарға қарсы өтетін ойынға дейін жазылып үлгере ме?

— Жарақат алып қалған ойыншылар бар. Негізі команда құрамында өзгерістердің болатынын топшылағанбыз. Дегенмен, мұндай қиындықтарға тап боламыз деп ойлаған жоқ едік. Бірден бес ойыншымыз жарақаттарына байланысты саптан шығып қалды. Алайда, бұл бір жағынан өзге ойыншылар үшін керемет мүмкіндік. Мұндай ойындар футболшының өмірінде көп бола бермейді. Біз футболшыларымыздың жарақаттары үшін қапалымыз, бірақ бұдан трагедия жасаудың қажеті жоқ.

— Әртүрлі себептерге байланысты Таңат Нөсербаев пен Самат Смақов Амстердамға келе алмады. Енді ертең алаңға команданы капитан ретінде кім бастап шығады?

— Бұған дейін де айтқанбыз, бізде командада төрт капитан бар. Олар: Таңат Нөсербаев, Самат Смақов, Ренат Абдулин және Юрий Логвиненко. Қазір бұлардың қатарына Андрей Карпович қосылды. Осы ойында не Ренат Абдулин, не Андрей Карпович капитан болады.

— Гус Хиддинктің айтуынша, Голландия құрамасы әлем чемпионатынан кейін аздап шаршаңқы. Бұдан біз өзімізге пайда көре аламыз ба?

— Әлем чемпионатында зор жетістікке жеткен команданың эмоцияналдық тұрғыда шаршаңқы болатыны түсінікті. Дегенмен, меніңше олардың соңғы екі ойындағы сәтсіздігі шаршаңқылықпен емес, Роббеннің жоқтығымен байланысты сияқты.

- Хиддинк алаңға шығатын футболшыларының құрамын бүгін жария етті. Ал сіз өз командаңыздың құрамын қазірден жариялауға әзірсіз бе?

- Голландияның құрамы бізге белгілі болған. Дегенмен, бір ойыншысы температурасы көтеріліп, ауырып қалды да, оның орнына басқа біреу алаңға шығатын сияқты. Сондықтан, бізге де өзгеріс енгізу керек құрамға. Ал команданың құрамын ертең түсте жариялаймын.

- Нидерланд құрамасының шабуылшысы Класс-Ян Хунтелар алғашқы 20 минутта екі гол соғып алу керектігін айтты. Ал сіздің стратегияңыз қандай?

- Бізде бәрі керісінше: алғашқы 20 минутта қақпамызға екі доп жіберіп алмауымыз қажет.

kff.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или