Андрей Карпович: «Амстердамға ұпай үшін келдік»
<p style="text-align: justify;">
<strong>Нидерланд құрамасына қарсы кездесу алдында Қазақстан командасының қорғаушысы Андрей Карпович өз пікірін білдірді.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
«Мұндай қарсыласқа қарсы алаңға шығу - әр футболшы үшін мереке. Ойынға тыңғылықты дайындалдық. Голландия секілді қарсыласпен ойнау әлбетте, бәріміз үшін қызық. Әлбетте, қарсыламыздың қаншалықты қарымды екенін жақсы түсінеміз. Соңғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. Бұдан басқа түсініктеменің қажеті де шамалы. Дегенмен, біз Амстердамға ұпай үшін келдік. Өз жеке басым үшін кімге қарсы ойнасақ та бәрібір. Әр ойында өз әлеуетіңді көрсете білуіміз керек» - деді Карпович.</p>
<p style="text-align: right;">
<em>kff.kz</em></p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или