Уайт Хабиб пен Конордың реваншы қашан өтетінін айтты

Уайт Хабиб пен Конордың реваншы қашан өтетінін айтты

UFC басшысы Дэйна Уайт, Хабиб Нурмагомедов пен Конор МакГрегор арасындағы реваншты жекпе-жек жақын арада болуы мүмкін екенін жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ирландиялық спортшы жартылай орта салмақта қаңтар айындағы жарнамалық шарада Дональд Серронамен төбелеседі. Хабиб Нурмагомедов сәуір айында Тони Фергюсонмен болатын жекпе-жекте өз титулын қорғауға тырысады.

«Егер Конор Ковбойды, Хабиб Тониді жеңсе, біз жақын арада реваншты көреміз», - деді Уайт BT Sport-қа берген сұхбатында.

Қыркүйек айында Хабиб, Дастин Порьемен өткен кездесуде UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпиондық атағын қорғады. 

МакГрегор болса 2019 жылы октогонға шыққан жоқ. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или