«Астана» америкалық қорғаушымен қоштасты

«Астана» америкалық қорғаушымен қоштасты

«Астана» президенттік баскетбол клубы америкалық қорғаушы Айзея Уайтхедпен келісімшартты өзара келісім бойынша бұзды, деп хабарлайды Prosports.kz.

<span>Айзея «Астанаға»</span> 15 қазанда ауысып келген. Екі айда елордалық команда сапында сегіз матчқа қатысты. Оның бесеуі ВТБ Бірыңғай лигасының және үшеуі Ұлттық Лиганың ойындары.

Айзея Уайтхед 1995 жылы 8 наурызда Бруклинде (Нью-Йорк, АҚШ) дүниеге келген. Алаңдағы қызметі - қорғаушы. 

Кәсіпқой мансабында өз елінің «Бруклин Нетс», «Лонг-Айленд Нетс», «Детройт Пистонс» клубтарында және ресейлік «Локомотив-Кубань» сапында өнер көрсеткен. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или