Командалық

«Астана» америкалық қорғаушымен қоштасты

«Астана» америкалық қорғаушымен қоштасты
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» президенттік баскетбол клубы америкалық қорғаушы Айзея Уайтхедпен келісімшартты өзара келісім бойынша бұзды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Айзея «Астанаға» 15 қазанда ауысып келген. Екі айда елордалық команда сапында сегіз матчқа қатысты. Оның бесеуі ВТБ Бірыңғай лигасының және үшеуі Ұлттық Лиганың ойындары.

Айзея Уайтхед 1995 жылы 8 наурызда Бруклинде (Нью-Йорк, АҚШ) дүниеге келген. Алаңдағы қызметі - қорғаушы.

Кәсіпқой мансабында өз елінің «Бруклин Нетс», «Лонг-Айленд Нетс», «Детройт Пистонс» клубтарында және ресейлік «Локомотив-Кубань» сапында өнер көрсеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер