Ренат Абдулин. Қазақстан құрамасының қорғаушысы

Қазақстан футбол федерациясы «Футбольные вести» журналының редакциясымен бірлесе Қазақстан ұлттық құрамасының қазіргі футболшылары туралы мақалаларды жариялауды бастайды.

Бүгінгі материалымыздың кейіпкері – «Қайрат» және «Тобыл» сапында еліміздің екі дүркін чемпионы (2004 және 2010 жылдар). Қазақстан ұлттық құрамасының сапында Абдулин барлығы 22 ойын өткізіп, 1 голдың авторы атанған.

Ренат Абдулин 1982 жылдың 14 сәуірінде дүниеге келген. Футбол әліппесімен алғаш Алматыда танысқан. Алғашқы шеберлер командасы – «ЦСКА-Қайратымен» 1999 жылы келісімшарт жасасып, екі жылда әскерилер сапында 13 ойын өткізген.

2001 жылы қорғаушы Алматының «Қайратына» ауысты. Ал бір жылдан кейін Өскеменнің «Восток-Алтын» командасымен келісімшарт жасасты. Ол жақта екі маусым ішінде 44 кездесуге қатысқан. Ұлттық құрама сапына да осы командада ойнап жүріп шақыртылды. Ол кезде Қазақстан ұлттық құрамасын Вахид Масудов жаттықтыратын.

2002 жылдың 17 сәуірінде «Восток» қорғаушысы еліміздің бас комаедасы сапында алғашқы ойынын өткізді. Бұл Латвияға қарсы кездесу болатын. Вентспилсте өткен матч алаң иелерінің жеңісімен 2:1 есебімен аяқталды. Ал Абдулин алаңға негізгі құрамда шығып, 90 минут бойы ойнады.

Арада бір жылдан кейін «Восток» қорғаушысы тағы да ұлттық құрамаға шақырту алды. Бұл кезде бас командамызды Леонид Пахомов жаттықтыратын.

2003 жылдан кейін Абдулин ұлттық құрама сапында алты жылдай көрінген жоқ. Тек 2009 жылдың 11 ақпанында Түркияның Белек қаласында өткен Эстонияға (2:0) қарсы өткен ойында алаңға қайта шықты. Ол кезде бас команданы Бернд Шторк жаттықтыратын, ал Абдулин елорданың «Локомотивінде» өнер көрсететін. Шторк баптаған командада Абдулин Англия, Германия, Хорватия сынды командаларға қарсы ойнады.

Одан кейін Мирослав Беранек жаттықтырған Қазақстан ұлттық құрамасында Ренат екі кездесуне қатысыпты. Яғни, Түркияның Анталия қаласында өткен Белоруссияға қарсы (1:1) матч пен «Еуро-2012» іріктеу додасының аясында Кайзерслаутернде Германияға қарсы (0:4) кездесу болатын. Бұл 2011 жылдың ақпан және наурыз айлары еді. Бұдан кейін Ренат ұлттық құрамаға шақыртуды үш жыл күтті.

2014 жылдың 7 маусымында Будапештегі Венгрияға қарсы (0:3) өткен ойында Ренат Абдулин ұлттық құрама жейдесін қайта киді. Содан бері Абдулин бас команда сапына үнемі тұрақты түрде шақыртылып келеді. Бұл – Қазақстан ұлттық құрамасының қазіргі бас бапкері Юрий Красножан әккі орталық қорғаушы, «Атырау» капитаны Ренат Абдулинге зор сенім артатынын білдірсе керек.

Назарларыңызға Ренат Абдулинмен «Еуро-2016» іріктеу додасының алғашқы кездесуінен кейін болған сұқбатты ұсынамыз. Естеріңізге сала кетейік, бұл ойында жерлестеріміз Латвия құрамасын қабылдап, 0:0 есебімен тең түскен болатын.

- Латвиямен тең ойынды команда қалай қабылдады?

- Әлбетте, қатты абыржыдық. Жеңе алатын едік деп ойлаймын. Тықсырта алмадық, қыспаққа ала алмадық, әйтеуір жеңіс бұйырмай, тәуір ойнасақ та үш ұпайға қол жетпеді.

- Командамызға не жетіспеді?

- Сәттілік жетіспеген шығар. Гол соға алмағанымыз үшін аздап көңіліміз түсті. Бапкер не деді дейсіз бе?! Матч үшін алғыс айтып, жақсы ойнағанымызды атап өтті.

- Сіз командадағы ең тәжірибелі ойыншылардың бірісіз. Кездесу алдында жастарды қанаттандырасыз ба?

- Ешкімді қосымша қанаттандырудың қажеті жоқ. Жастар да, тәжірибелі ойыншылар да ел намысын халықаралық аренада абыроймен қорғаудың қаншалықты зор міндет екенін жақсы біледі. Ал өзімді қорғаныс шебінің ең тәжірибелі ойыншысы деп санамаймын. Жас жөнінен ең үлкені шығармын, бірақ Юрий Логвиненко, мысалға өз клубы сапында халықаралық аренада ең аз ойын өткізген жоқ. Дегенмен, бір-бірімізге қажет кезінде көрсетіп, айтып жіберуден қашпаймыз. Футбол – бұл қателіктен қашып құтылмайтын ойын, сондықтан командадағы әр ойыншы бір-бірін қолдап тұруға тырысады.

- Ұлттық құрама сапында ең алғаш осы құрама сапында алаңға шықтыңыз.

- Иә, әлі күнгідей есімде. 2002 жылы сәуірдің 2-сі болатын. Бірінші кезекте әр дебютантқа тән «мандражбен» есімде қалыпты.

- Қобалжыдыңыз ба?

- Солай деуге де болатын шығар. Қасымда қайта жігіттер болды ғой. Керек кезде қолдап жатты.

- Голландия және Чехия құрамаларына қарсы ойыннан не күтесіз?

- Бәрімізге бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ойынға барынша дайындалуымыз керек. Екі ойыннан да ұпай алуға тырысамыз. Голандтықтар да, чехтар да біз секілді адамдар. Иә, олар бізге қарағанда тәжірибелірек, әрі шеберліктері де басым. Бірақ ең бастысы, өзіңе деген сенім. Өзімізге сенсек қана бәрі жақсы болады.

kff.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или