Нидерланд құрамасының қорғаушысы Дарил Янмат Қазақстанға қарсы ойнамайды
<p style="text-align: justify;">
<strong>Англиялық «Ньюкасл» мен Нидерланд құрамасының қорғаушысы Дарил Янмат Еуропа чемпионатының іріктеу матчтарының аясында Қазақстан құрамасына қарсы ойнамайды.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Бұған себеп, қорғаушы Англия Премьер-Лигасының 7-ші турында «Суонси Сити» клубына қарсы ойында (2:2) жарақат алып қалды. Осыған байланысты, Нидерланд құрамасының бас бапкері Гус Хиддинк Ұлттық командаға германиялық «Аугсбург» клубының ойыншысы Паул Верхагты шақыртқан.</p>
<p style="text-align: justify;">
Еске сала кетейік, 10-қазан күні Амстерам қаласында Қазақстан Ұлттық құрамасы мен Нидерланд командасы кездеседі.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или