Бокс

Қазақстандық кәсіпкер Мадияр Әшкеевке көлік сыйлады

Қазақстандық кәсіпкер Мадияр Әшкеевке көлік сыйлады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық кәсіпкерлердің бірі кәсіпқой боксы Мадияр Әшкеевке көлік мінгізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бүгін қазақ спортшыларының шын жанкүйері әрі қолдаушысы болып жүрген Қайрат ағамыз тосынсый жасап, Тойота темір тұлпарын тарту етті! Бұл жалпы қазақ жігіттеріне көрсетілген құрмет деп қабылдадым!» - деп жазды Әшкеев өзінің жеке инстаграм парақшасында.

Әшкеев соңғы жекпе-жегінде аргентиналық боксшы Родольфо Эзикель Мартинесті жеңіп, WBC (UNSBC) титулын қорғап қалған еді.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер